Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай ТЖД қызметкерлері «Достық Молл» сауда ойын-сауық орталығының алдында өрт сөндіру машиналары мен басқа да арнайы техникаларын қойды. Мамандар балаларға өздерінің күнделікті жұмысы жайлы баяндап, құтқаруға қажетті құрал-жабдықтарды таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Өрт сөндірушілердің ісіне қызығушылық танытатын кез келген бала арнайы техникаға отырып, өздерін бір сәт құтқарушы сезініп көрді. Ал ересектер арнайы қойылған өртті сөндірді,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мамандар балаларға өрт сөндіру ережелерін, апаттың алдын-алу шараларын түсіндірді.
4 сағатқа созылған шараға 750 бала қатысты.