Қазақстанда наурыздың 1-нен жануарларды қорғау туралы заң күшіне енді

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде бірінші наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қолданысқа енді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа заңға сәйкес, төрт аяқтылардың иелері жануарлардың өмірі мен денсаулығы үшін жауап береді. Басты мақсат – адамдардың жануарларға деген қамқорлық сезімін оятып, тіршілік иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құжат негізінде иттерді өзара төбелестіруге, жануарларға ветеринарлық оталарды наркозсыз жасауға, сондай-ақ, оларға қатыгездік танытуға тыйым салынады.

Жануарлардың денсаулығына зиян келтірген адамдарға қолданылатын жаза түрі де күшейтілді.
Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарға жауыздық жасап, тіпті мертігуге дейін жеткізген азаматтарға 120 АЕК-ке дейін (367 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Немесе заң бұзушы 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылып, не болмаса 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
Егер де жануар адамның кесірінен өліп қалса, сол кісіге 200 АЕК-ке дейін (612 600 теңге) айыппұл салынып немесе түзеу жұмыстарына, болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылып, бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып және онсыз 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамалады.
Қатыгездік қайталанса, айыппұлдар төрт есе артады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz