Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Солтүстік «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да жемқорлық фактілерін анықтау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Департамент басшысы тексеріс жұмыстары 15 сәуірге дейін жүргізілетінін және оған өңір азаматтарының барлығы дерлік қатыса алатынын атап өтті. Тұрғындар жемқорлық фактісі орын алғаны туралы ақпаратпен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға сала алады.
— Облыс тұрғындары ақпаратты upd.sko@antikor.gov.kz электронды мекен-жайына жолдай алады. Жіберген материалға «анализ СПК» деген белгі қойған дұрыс болады. Бұл парақорлық фактілерін тезірек анықтауға мүмкіндік береді,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.