Қазақстанның билік партиясы 1 наурызда өткен кезектен тыс съезінде өзінің атауын AMANAT» етіп өзгертіп, жұмысын қайта жаңғыртатынын мәлімдеді. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өткен жиналыста партия мүшелері атқарған жұмыстарын қорытындылады және алдағы жоспарларымен бөлісті,деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Партия мүшелерінің айтуынша, олар Парламент депутаттарын және ауылдық округтер әкімдерін сайлау барысында қолдау тапқан. Сайлаушылар бірқатар мәселелерді шешуде сенім көрсеткен.
-Оларды жүзеге асыру қолға алынған сәттен бастап бір жылдан сәл асатын уақыт өтті. Осы мерзім ішінде 49 елді мекенде 174 шақырым сумен жабдықтау желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 мыңға жуық үй орталық жүйеге қосылды, тұрғын үй құрылысының көлемі 14,7 пайызға өсті. Ұзындығы 813 шақырым автомобиль жолы жөнделді және салынды. Облысымызда 52 мектеп, 5 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткізілді, 128 медициналық техника сатып алынды. Есепті кезеңде 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 жабық хоккей қорапшасы, 21 шағын футбол алаңы ашылды.Жұмыссыздық деңгейі 4.8 пайызғы дейін төмендеді,- деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әсем Рахметова.