Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталды

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Петропавлда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Солтүстік Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы» және «Солтүстік Қазақстандағы іскер әйелдер альянсының» ұйымдастыруымен «Мейірімділік пен сұлулық әлемді қорғайды» атты салтанатты іс-шара өтті. Онда қоғам өміріне белсене араласып жүрген бірқатар нәзікжанды марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Салтанатты кешке облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысып, ару қыз-келіншектерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Сіздер азаматтық қоғамның дамуына, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына маңызды үлес қосып келесіздер. Түсіністік, қолдау мен күнделікті еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрқайссыңыз адал ниеттеріңіз, талапшылдықтарыңыз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз, табысқа деген сенім-тілектеріңізбен сіздерді білетін және қолдайтын барлық адамдар үшін үлгі бола аласыздар. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық және мерекелік көңіл-күй тілеймін, — деді Ғани Сақтағанұлы.

 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталдыХалықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталдыХалықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталдыХалықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Халыққа қызмет ету» номинация бойынша «Искакова» жеке кәсіпкерінің директоры Орынбасар Искакова, Мамлют ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Алмагүл Рамазанова, сонымен қатар Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы, «Қамқор СҚО» еріктілер қозғалысының жетекшісі Айгүл Айтымова марапатқа ие болды.
Бұдан бөлек, «Алтын қор» номинациясын «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» Валентина Кондратова мен «Қазақстанның Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Надежда Рудикова, «Жылдың ең үздік таңдауы» номинациясын Қазақстанның әйелдер күші Альянсы төрайымының орынбасары Бақытжан Сәмиева ие болды.
Ал «Халық көзайымы» номинациясы бойынша Элмира Қаленова, жеке кәсіпкер Махаббат Исимбаева, кәсіпкер Әсел Жуланова, көпбалалы ана Гамида Осинцева, Татьяна Делль, облыстық музей бірлестігінің бөлім меңгерушісі Мейрамгүл Әбуова, медбике Юлия Малеева мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ольга Макасеева марапат алды.

– Аталмыш іс-шараны бірінші рет өткізудеміз. Болашақта бұл қоғамдық марапатты жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Соңғы үш жыл ауыр кезеңді бастан өткердік. Марапатталған номинанттар қалыптасқан жағдайға қарамастан өз ісін мүлтіксіз атқарған арулар. Осылайша өңіріміздің жүрегі мейірімді жандарына қолдау көрсеткіміз келеді, — дейді облыстық әйелдер күші альянсының төрайымы Диляра Жұмағұлова.

 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталдыХалықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздағы бірқатар арулар марапатталды

Мерекелік жиында «Sensitive» би театрының «Самба», «Танго», «Венский вальс» билерін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ,
Ақан сері атындағы облыстық филармонияның солистері Руслан Мұстафин мен Мұрат Бекжанов әсем ән орындады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz