«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Петропавлда ««Не? Қайда? Қашан?» ойыны өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақ тілінде өткен зияткерлік сайыста 4 команда бақ сынады. Шараның басты мақсаты-қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілге деген қызығушылықты ояту.
Сайыстың қорытындысы бойынша «Жалын» командасы үздік деп танылды. «Төртінші билік»- екінші, «Қаршыға» командасы үшінші орынды иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара болашақта жалғасын таппақ. Қатысамын деген жандарға есік ашық.