Петропавлда «Ассамблея аруын» таңдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облысындағы этно-мәдени бірлестіктердің арасында «Ассамблея аруы – 2022» байқауы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

10 ұлттың жасы 4 пен 9-дың арасындағы 27 бүлдіршіні «Ассамблея аруы» атағына таласты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Кішкентай арулар ұлттық киімдерін киіп, шығармашылығын көрсеткен соң кешкі сәнді көйлектерін паш етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық «Дуслык» татар-башқұр қоғамдық бірлестігінің 8 жасар өкілі Даяна Мударисова үздік деп танылды.

-Мен Петропавлда туып-өстім.№10 мектепте 3-інші сыныпта оқимын. Үздіктердің қатарындамын, көркем гимнастикамен шұғылданамын. Вокал мен фортепианоға да барамын, ән айтқанды жақсы көремін. Өз ұлтымның мәдениетін, тарихын ұмытпаймын. Ұлттық жаңғыру мектебінде татар тілін меңгеріп жүрмін, дейді жас ару.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz