Құмар Ақсақалов көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табыс етті

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін облыстық әкімдікте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлы ардақты аналарды келе жатқан мерекемен құттықтап, әйелдердің облысымыздың дамуына қосып жатқан елеулі еңбегін атап өтті.

– Баршаларыңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Әр адамның өмірінде ананың алар орны бөлек. Ана деген сөздің өзі қандай ыстық. Өмірге бала әкеліп, оны тәрбиелеп, жеткізу әр ананың міндеті. Сондықтан барша аналардың алдында басымды иіп, алғысымды айтамын. Елімізде көпбалалы аналарға арналған көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облысымызда соңғы 5 жылда 218 көпбалалы анаға пәтер берілді. Бұл жұмыс өзінің жалғасын табады, — деді өңір басшысы.

Осыдан кейін облыс әкімі көпбалалы аналар Анна Әбішева, Ирина Исаева, Инеш Жанайдароваға «Алтын алқа», Анар Амантаева мен Гүлбаршын Ақтаеваға «Күміс алқа» табыстады.

whatsapp image 2022 03 04 at 18.42.32whatsapp image 2022 03 04 at 18.42.33 1whatsapp image 2022 03 04 at 18.42.34

– Осындай шуақты кездесу ұйымдастырып жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін айрықша мәртебе, зор қуаныш. Өзім физика және математика пәнінің мұғалімімін. Болашақ ұрпақ, жастарға сапалы білім беруге үлесімді қосып келемін. Қазіргі уақытта көпбалалы аналарға бөлініп отырған жәрдемақы аз емес. Оған да алғысым шексіз, бұл біз үшін үлкен көмек, — деп Инеш Әбиқызы рахметін айтты.

Сондай-ақ, облысымыздағы білім, мәдениет, өнер саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жалпы қоғам өміріне белсене араласып жүрген ару жандар да назардан тыс қалмады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Есіл ауданы, Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Фатима Мұстафина, «Sensitive» би театрының жетекшісі Ольга Роставщикова, «МТРК» телеарнасының журналисі Ульяна Әшімова, «Блок» ЖШС-нің бас технологы Елена Голубева, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ құрастыру цехының радиоаппаратуралары мен құрылғыларын құрастырушы Юлия Челапкина Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz