СҚО-да 26 мыңнан астам адам вирус жұқтырды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да эпидемиологиялық маусым басталы бері 26 446 адам жіті респираторлық вирус  жұқтырған,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. тілшісі.

Өткен маусыммен салыстырғанда инфекция жұқтырушылар  биыл 40% — ға артық.  Соңғы аптаның өзінде  589 жағдай тіркеліп отыр. Ауырғандардың басым бөлігі   14 жасқа дейінгі балалар (352 адам). 15 пен 29 жас аралығында науқастанғандардың саны – 110. Ал  30-64 жас аралығында – 91, 65 және одан жоғары – 36 адам инфекцияға шалдыққан.
Сондай-ақ, ағымдағы эпидемиологиялық кезеңде 35 тұрғын тұмаумен ауырған. Барлық анықталған жағдайлар А типті тұмауға жатады. Өткен жылы ешкім тұмауратпаған.

-Тұмауға қарсы уақытылы екпе салдыру иммунитетті күшейтеді,    аурудың жеңіл  өтуіне көмектеседі.  Әрі асқынулардың алдын алады. Сырқаттанбас үшін дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану режімін сақтап, витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек – дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz