СҚО әкімі Құмар Ақсақалов аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың өңір дамуындағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, қоғамда әйелдердің орны ерекше. Олар әр салада аянбай еңбек етіп жүр.
-Білім беру мен денсаулық сақтау саласының бар ауыртпашылығы сіздерде. Мұғалімдердің 84, дәрігерлердің 65 пайызы әйелдер. Өңірде 10 мың кәсіпорын, мекеме болса, 25 пайызының басшылығында нәзікжандылар, сондай-ақ деупаттардың үштен бірі, мемлекеттік қызметшілердің тең жартысы әйелдер, деді Құмар Ақсақалов.