Қазақстандық теннисші Норвегия құрамасының өкілі 24 жастағы Виктор Дурасовичпен сынға түсті. Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші партияның басында Александр брейк-пойнттың арқасында алға шыққан. Жерлесіміз шарды өзі ойынға қосқан кезеңдерде ұпайдың 100%-ын жинады. 27 минутқа созылған екінші сет отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
ATP рейтингінде Бублик 32-ші, ал Дурасович 321 – ші орынға жайғасты.