«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің филиалы Солтүстік Қазақстанда жанармайды мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Әділдік жолының» Петропавл қаласындағы филиалы мониторинг жасау барысында Корнеев ауылдық округі әкімдігінің аппараты, Петропавлдағы әлеуметтік адаптация орталығы және қалалық №3 емханасы жанар-жағармайды сатып алуға қымбаттылған бағамен келісімшарт жасасқаны туралы анықтады.
«Әділдік жолы» аталмыш фактілер бойынша облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтініш жіберген. Департамент жауабына сүйінсек, келісімшарттар 2021 жылдың желтоқсанында, яғни, жанармай бағасына мемлекеттік реттеу енгізілгенге дейін жасалған. Бірақ биыл ақпанда келісімшарттар бағаның төмендеуіне байланысты өзгертілген.