СҚО-да екі күнде 11 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде тәртіп сақшылары 11 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екі күннің ішінде полицейлер мыңнан астам үйді, саяжайларды және иесіз тұрған ғимараттарды аралап шықты. Жалға берілетін 200-ге жуық баспана тексерілді. Профилактикалық есепте тұрған 1330 адам, соның ішінде 164 тұрмысы нашар отбасы мүшелерімен әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде мыңға жуық түрлі әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Негізінен, яғни 222 факті тіркеусіз немесе жеке куәліксіз тұруға қатысты. 199 дерек қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу және мас күйде жүруге байланысты. Ұсақ бұзақылыққа қатысты 88 факті тіркелді.

Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше мән берді. Іс-шара аясында ең көп заң бұзушылық жаяу жүргіншілер тарапынан анықталып, екі күнде 180 дерек тіркелді. Жылдамдықты асырған 58 көлік жүргізушісі жазаланды.

– Көлік тәртібінің сақталуын бақылау күшейтіледі. Аймақтағы ауа райы өзгеруде. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден барлық ережелерді мүмкіндігінше қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен қатар, мал иелері де жануарларын бақылауы тиіс, әсіресе көлік қозғалысы көп жолдарда, теміржолдардың жанында еркін жайылымға жол бермеу қажет, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz