Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Qyzyljarnews.kz редакциясы сіздерді жұмысы қызықты әрі күрделі нәзік жандардың өкілімен таныстырады. Алайда өрт сөндіру қызметіндегі жұмысы Татьяна Бережнаяға әрқашан әдемі және сүйікті болып қалуға кедергі келтірмейді.
— Татьяна Анатольевна, сіз көп жылдар бойы өрт сөндіру және апаттық-құтқару басқармасының кадр саясаты қызметі бөлімінде бас маман болып еңбек етіп жүрсіз. Мұның бәрі қалай басталып еді?
— Азаматтық қорғаныс органдарында мен 22 жылдай еңбек етіп жүрмін. Еңбек жолымды төтенше жағдайлар департаментінің өрт инспекциясында бастаған болатынмын. Өрт сөндіру қызметіне отбасылық жағдайыммен ауыстым. 2016 жылдан кадрлық саясат бөлімінде бас маманмын.
-Қандай жоғары оқу орнын бітіріп едіңіз?
— Қорған мемлекеттік университетінің заң факультетін сырттай оқып бітірдім, ол кезде менің екі балам болатын.Бірден погон таққан жоқпын. Төрт жыл штаттан тыс лауазымдарда қызмет атқардым, содан кейін ғана бұл салада жұмыс істеуді ұйғардым.Тиісті аттестациядан өткен соң кіші лейтенант болып қызметке қабылдандым, қазіргі шенім подполковник.
-Таңдаған мамандығыңызға көңіліңіз тола ма?
— Әрине, ол туралы кері ойлаған емеспін. Өмірде бәрі болады ғой, кейде қиналған сәттерің кездеседі.Бірақ оны жеңіп, әрқашан алға басуың қажет.
— Өз жұмысыңыз туралы айта кетсеңіз.
-Біз жер қазатындай жұмыс істемейміз, бірақ біздің моральдық жүктемеміз ауыр. Біздің бөлімге көп ақпарат түседі-қазір жеке құрамда 790 адам бар, олардың әрқайсысына уақыт бөлу керек. Біздің бөлімнің уақытылы дайындаған ақпаратынан қызметкерлердің тиімді жұмысы тәуелді. Сондай-ақ толық және нақты дайындалған құжаттар кейіннен қызметкерлеріміздің зейнетақымен дұрыс қамтамасыз етілуіне септігін тигізеді, сондықтан бұл жұмысымыз маңызды. Біз адамдармен тұрақты түрде байланыста боламыз, идеологиялық бағытта іс-шаралар ұйымдастырамыз, тәрбие жұмыстарын жүргіземіз. Бұл көзге көрінбейтін жұмыс, алайда әріптестеріміздің әрбір жетісіктеріне, кезекті атақ алғандарына, марапаттарына қуанамыз.
— Өрт сөндіру қызметінде отбасылық әулеттер аз кездеспейді. Сіз өзіңіздің отбасыңызға тоқтала кетсеңіз.
-Мен тағдырымды осында кездестірдім. Қазір жұбайым Болат төтенше жағдайлар департаментінің кризистік жағдайлар басқармасында жедел кезекші болып істейді. Кіші ұлым Стас №1 мамандандырылған өрт бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы.Биыл ол Омбы гуманиатрлық академиясын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітіреді. Ал үлкен ұлым Максим басқа жолды таңдады, волейболдан Қазақстан құрама командасының мүшесі. Ол 7 жасынан спорттың осы түрімен айналысады.
-Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
-Әуестенетін істерім аз емес. Бірақ жұмыс кестеміз өте тығыз, сондықтан бос уақытымыз көп бола бермейді. Өзім тамақ пісіргенді, көкөністер тұздағанды ұнатамын. Парақтарын ақтарып, қолым босаған кездері кітап оқығанды жақсы көремін.Кейде жіптерден кесте тігетін өнерім бар.
— Татьяна, Халықаралық әйелдер мерекесі жақындап келеді. Көктемнің осындай тамаша мейрамында әйелдер қауымына қандай тілек арнар едіңіз?
— Мен аналарымызды, әпкелерімізді, сіңлілерімізді, қыздарымызды, әріптестерімізді осынай шуақты көктем мерекесімен құттықтаймын. Бәріне мықты денсаулық, бейбіт өмір, ұрпағымыздың амандығын, отбасылық бақыт тілеймін, Бақытты болу әр әйелдің өз қолында дер едім.