Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Карпович кезінде «Елімай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнаған. Ал бапкерлік мансабын «Қайрат» клубында бастап, одан кейін екі жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан солтүстікқазақстандық «Қызылжардың» бас бапкері.
-Өз еліңнің құрамасының бас бапкері атану әр жаттықтырушының мансабындағы ең биік шың деп есептеймін. Бүгін маған таяудағы 2 кездесуде Қазақстан құрамасына жетекшілік ету тапсырылды. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Осы сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын,- деп жазды Карпович өзінің Instagram парақшасында.
Ел құрамасы жаңа бас бапкердің басшылығымен алғашқы кездесуін 24 наурызда Молдова командасына қарсы өткізеді.