Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірі – «жасыл» аймақта. Бір тәулікте COVID-19-ды солтүстікқазақстандықтар көптеп жұқтыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кеше өлкемізде 23 адам қауіпті індетке шалдыққан. Алматыда 22 тұрғынның бойынан вирус белгілері табылды. Ал Қарағанды облысындағы науқастанғандардың саны – 9.
Жалпы өткен тәулікте ел бойынша 89 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Павлодар облысында – 8, Нұр-Сұлтанда – 7, Шымкент, Ақмола мен Жамбыл облыстарында – 4, Атырау өңірінде 3 азамат дертке шалдыққан.
Ал Шығыс Қазақстан мен Қостанайда – 2, Ақтөбе облысында 1 адам сырқаттанды. 5 облыста ешкім коронавирус жұқтырмаған.