Солтүстікқазақстандықтардың 20% — ы «сақтандырылмаған»

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да 115,6 мың адам әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 80 мыңға жуық адам мүлдем төлем жасамаған. Сақтандырылмағандардың төрттен бір бөлігін жалдамалы жұмыскерлер, 5 мыңға жуығы – БЖТ төлеушілер, 1,7 мыңнан астамы – жеке кәсіпкерлер екен. Олардың басым бөлігі 30 бен 50 жас аралығындағылар.

— Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес МӘМС төлемдері бойынша берешек 34,1 млн теңгені құрайды. Оның 73% — ы Ғ. Мүсірепов пен Тайынша ауданына тиесілі,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 5,4 млрд теңге аударған.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz