Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Келешекте жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру мақсатында заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымы енгізілмек. Нәтижесінде, қызметкерлер үшін сынақ мерзімі алынады. Ал өзге өңірлерден келген қыз-жігіттер тұрғын үй жалдау үшін жәрдемақыға ие болады.
Сонымен қатар, еліміздің барлық облысында көпбалалы отбасылар мен мүгедек баласы бар отбасылар үшін Әйелдерді қолдау орталықтары ашылады. Осының арқасында жыл сайын 20 мыңға жуық нәзікжандыға кешенді қолдау көрсету жоспарланып отыр.
-Экономиканың барлық саласында жұмыспен қамтуға және жұмысшы жастарды қолдауға басымдық беріледі. Оқу бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер жанынан Карьерлік орталықтар құрылады. Ал бос жүрген жастарды жұмысқа тарту нақты шаралар арқылы жүзеге асырылады, — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.