СҚО-да бірнеше жанармай құю бекеті лицензиясыз, ереже бұзып жұмыс істеген

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Жуырда «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізді. Нәтижесінде, лицензиясыз және қауіпсіздік талаптарын бұзып жұмыс істеген бірнеше автомобильге газ құю станциялары анықталды. Оның үшеуі «Аль нур Газ» ЖШС-не, біреуі — «Райгаз» ЖШС-не тиесілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл мәселе жөнінде қоғамдық бірлестік өкілдері облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне жүгінді. Ведомство қызметкерлері жоспардан тыс тексеру жүргізіп, екі компанияда жобалық құжаттаманың мүлдем жоқ екені белгілі болды. Ал «Аль нур Газ» ЖШС-де қауіпті техникалық құрылғы табылды.

-Заң бұзған серіктестіктерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар тағайындалды. Сондай — ақ, «Әділдік жолы» бірлестігі облыстың тағы да бірқатар жанармай құю бекеттерін тексеруді қолға алды, — дейді қоғам белсенділері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz