Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі халықты баспанамен қамту орталығына беріледі

Авторы: Qyzyljar News

«Отбасы банкінің» базасында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту орталығы ашылады. Жаңа жобаның аясында пәтерге мұқтаж жандар кезекке тұра алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев есепке қоюдың жаңа тәртібіне сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың жаңа базасына кезекке тұру құқығы қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азаматтарға берілетінін айтты.

— Тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі кезекте тұрғандарға отбасының әрбір мүшесіне жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау төлемдерін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі, — деп атап өтті вице-министр.

Егер кезекте тұрғандардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болса, ол отбасыға тұрғын үй қарыздары түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz