Петропавлда баукеспе ұры қолға түсті

Авторы: Qyzyljar News

Компьютер, мопед, велосипед және түрлі металл бұйымдар қолды болды. Қалалық №2 полиция басқармасына заттарының жоғалғанын айтып, бірден 2 тұрғын шағымданған. Ұрланған дүниелердің жалпы сомасы 300 мың теңгеден асады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жедел іздестіру шаралары барысында 22 жастағы петропавлдық ұсталды. Ол бұрын дәл осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Тексеру кезінде баукеспенің тағы 2 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Одан бөлек, 6 пәтерге түскен деген күдік бар. Жиналған материалдар сотқа жіберілді. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Ал ұрланған заттардың бір бөлігі қайтарылды.

-Қайталап жасалатын қылмыстарға қарсы күрес – полиция органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл ретте учаскелік полиция инспекторларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар өз әкімшілік учаскелерінде бұрын сотталған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде. Жалпы облыс аумағында қайталап жасалатын қылмыстардың азайып жатқанын аңғардық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 19,5% құрады, — деді дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz