СҚО-да автокөлік қозғалысы шектеледі

Авторы: Qyzyljar News

Наурыздың 23-нен 1 мамырға дейін облыс аумағында республикалық маңызы бар тас жолдар бойынша автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Аталған кезеңде автокөлік құралдарының рұқсат етілген жалпы салмағы және ең жоғары осьтік жүктемелер орта есеппен 20% — ға төмендейді. Атап айтқанда, бірбілікке түсетін салмақ 10 тоннадан 8 тоннаға дейін, ал үш білікті автокөлік құралының рұқсат етілген жалпы салмағы 25 тоннадан 20 тоннаға дейін төмендейді, – деді СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы көліктегі бақылау бөлімінің басшысы Рустам Меңлібеков.

Маманның сөзінше, мұндай шара көктем кезінде автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz