СҚО-ның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласты деген күдікке ілікті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО тәртіптік кеңесте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы мен қызметкеріне қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Прокурурорлар басқарма мамандары кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласты деген айып тақты. Ал бір қызметкерінің заңды тұлғаға бүйрегі бұрғаны анықталды.

2018 жылдан бері жалған сараптамалық қорытынды шығарудың 20 фактісі анықталған. Мәселен, жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде тәртіп бұзушылық анықталып, картоп қоймасына техникалық тексеру жүргізу туралы ұйғарым шығарылды. Ал жалған сараптамалық қорытынды бойынша күрделі жөндеу жүргізген мектептегі заң бұзушылыққа көз жұмған.

Отырыста тәртіптік кеңестің мүшесі Инесса Қуанова ел Президентінің бизнес істеріне заңсыз араласу ауыр қылмысқа теңестірілуі тиіс екенін бірнеше рет айтқанын атап өтті.

— Біріншіден, басқарма қызметкерлері сараптама қорытындыларының жалғандығын түсіндіруге қиналды. Яғни, сараптаманың мүлдем жүргізілмегені немесе ол белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Екіншіден, сараптамалық қорытындылардың қолдан жасалғаны туралы құқық қорғау органдарының іс жүргізу туралы шешімі жоқ. Палатаның бұл мәселе жайында мәлімдеуге ғана құқығы бар. Алайда, құжаттардың жалған екенін растай алмайды. Соған қарамастан министрлік сараптама қорытындыларының жалғандығын тексеруге тапсырма берген. Ал мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасындағылар көп ойланбастан оны орындапты. Үшіншіден, прокуратура басқарманың жүйелі түрде заң бұзғанын мәлімдеді, — деп қорытындылады Инесса Қуанова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz