СҚО-да түзету мекемесіне телефон кіргізбек болған

Авторы: Qyzyljar News

ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мекемеге маңайын патрульдеу кезінде қызметкерлер Қостанай облысының 4 азаматы отырған «Ваз 21099» маркалы автокөлігін тоқтатты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы автокөлікті тексеру кезінде 8 ұялы телефон («Nokia» маркалы 7 телефон (ұзындығы 5 см), «Samsung» маркалы 1 смартфон), 7 зарядтау құрылғысы және 7 «Beeline» сим картасы табылды. Олар байланыс құралдарын жазасын өтеушілерге жеткізбек болған.

-Бұл- жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген бірінші оқиға. Осы тектес құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, мекеме аумағына тыйым салынған заттар кіргізгендер ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Ал кіргібекші болғандар ұсталса, заттары тәркіленіп, ескерту жасалады немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, Есірткі заттарын кіргізуді жоспарлаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін,- деп хабарлады СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz