СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 203 квота бөлінді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 203 квота бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Лариса Гордеева бағдарламаның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Айта кету қажет, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бойынша 217 квота бөлінген болатын.

— Бағдарламаға 213 әйел қатысып, 108-іне көмегі тиді. 50,7% дегеніміз бағдарламаның тиімділігін көрсетеді. Аталған жобаға қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша емханада барлық анализдерді тапсыру қажет. Содан кейін нәтижелерімен перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігерге қаралады. Ұрықтандыру процедурасы жүргізілетін клиниканы ерлі — зайыптылар өздері таңдай алады, — деді Лариса Гордеева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz