Бүгін биатлон жарысынан Паралимпиада – 2022 ойындарының шешуші кезеңі өтті. Сайысқа қатысушылар 12,5 шақырым қашықтықта отырып және тұрып жарысудан өзара сынға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық спортшы Александр Герлиц 5-ші орынға тұрақтады. Осылайша, өңір мақтанышының алатын сыйақысы өсті.
Александр Герлицке Паралимпиада ойындарында қола медаль алғаны үшін 75 мың доллар төленеді. Енді шаңғы жарысында 5-орын иелегенгеніне қосымша 10 мың, бүгінгі жарыста 5-орын алғаны үшін тағы 10 мың доллар беріледі. Жерлесіміз жеңісі үшін 95 мың доллар алуы керек. Бұл қазіргі валюта бойынша 48 миллион теңгеден асады.