Александр Герлиц – «Жыл патриоты»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

   Нұр-Cұлтан қаласында Мемлекеттік рәміздердің  30 жылдық мерейтойына арналған республикалық патриоттар форумы өтті.  Шара барысында биыл  елеулі жетістікке жетіп, еліміздің даңқын шығарған  қазақстандықтар «Жыл патриоты» аталымы  бойынша марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

      – Біз әрқашан Туымыз бен  Әнұранымызды, Елтаңбамызды мақтан тұтамыз және бүгін осы тамаша мерекені атап өту үшін жиналып отырмыз. Әрқашанда аспан түстес көк байрағымыз Тәуелсіздігіміздің мызғымастығын, қазақстандықтардың жоғары жетістіктерін әлемге мақтанышпен сүйіншілеп, көкте желбіреп тұрсын! , – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Марапатталғандардың қатарында Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп  алған жерлесіміз Александр Герлиц те болды.

   – Бұл – мен үшін үлкен абырой. Осындай құрмет көрсетіп, «Жыл патриоты» атағын берген халқыма ерекше  алғысымды білдіремін.  Мен өз Отанымның  нағыз патриоты болғым келеді. Қазақстанымды жақсы көремін.  Паралимпиада ойындарында көк байрағымыз желбірегенде жанарыма жас алдым», – деп қуанышымен бөлісті Александр Герлиц.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz