Газ баллонын пайдалану барысында техникалық қауіпсіздікті сақтамаған қала тұрғынының беті мен білегін күйік шалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Салғырттықтың салдарынан бетінің үштен бірін, және екі білегін күйік шалып, ауруханаға жатқызылған адамның жағдайы орташа ауыр дейді төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.
Құтқарушылардың мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы облыста 244 өрт тіркелген. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 6 адам түрлі деңгейде жарақат алған.