Тайынша ауданында 2 адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Алдын ала болжам бойынша олар иіс тиіп уланған. Қазір Донецкое елді мекеніндегі баспанада ведомствоның жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Сот-медициналық сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін барып қана ауыл тұрғындарының нақты неден қайтыс болғанын айта аламыз. Қазіргі уақытта марқұмдардың көршілерінен ақпарат алынуда. Олар үй тұрғындарын көптен бері көрмеген, содан уайымдай бастаған. Тағы бір көршілері марқұмдардың спирттік ішімдікке жақын болғанын айтты. Енді сараптама қорытындысын күту керек, — дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Қаза тапқан әйел 54 жаста, оның ұлы 27 жаста болған.

-Иіс тиіп уланды деп кесіп айтуға болмайды. Біздің мамандар ол жерде жұмыс істеп жатыр. Олар пештің мұржасы ашық болғанын айтты. Ал көршілері қайтыс болғандарды 3 күннен бері көрмепті, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 224 өрт оқиғасы тіркелді. 24 адам иіс тиіп уланды. Келген шығын көлемі — 64 млн теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz