Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау тәртібі түсіндірілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасы ІІМ азаматтық алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Заңнамада азаматтыққа қабылдаудың екі нұсқасы қарастырылған:
Біріншісі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде. Материалдарды қарастыру мерзімі 6 ай.

img 20220311 wa0014

img 20220311 wa0016

Қазақстанда тұрақты тұратын адамдар азаматтықты өзгерту мәселелері бойынша тіркелген жеріндегі ішкі істер органдарына өтініш бере алады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен бірге материалдарды ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.
Мемлекет басшысының азаматтық мәселелері жөніндегі Жарлығының орындалуы туралы облыстардағы ПД-тері Жарлыққа қол қойылған сәттен бастап бір айға дейінгі мерзімде Көші-қон қызметі комитетін хабардар етеді.

Екінші нұсқа – жеңілдетілген тәртіп, қарау мерзімі — 3 ай. Азаматтыққа қабылдау аумақтық ПД қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
а) егер өтініш беруші Беларусь КСР-інің, Қазақ КСР-інің, Қырғыз КСР-інің немесе РСФСР-дің азаматтығында болса және сонымен бір мезгілде бұрынғы КСРО-ның азаматтығында болса, 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін Қазақстан аумағында туған немесе тұрған болса;
б) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және оның азаматтары болып табылатын жақын туыстарының бірі болған кезде осы екінші нұсқа негізінде алуға болады.
2021 жылы 24 119 адам Қазақстан азаматтығын қабылдады. Президенттің Жарлығы бойынша – 1 807, жеңілдетілген тәртіппен – 22 312. Ал 2020 жылы 24 265 адам тіркеуге алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – 1 655, жеңілдетілген тәртіппен – 22 610.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz