1 сәуірден бастап БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жаңаша жүзеге асырылатын болды

Авторы: Qyzyljar News

1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еске салайық, 2021 жылға арналған минималды жеткіліктілік шегі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін салымшы өзінің зейнетақы жинақтарын тексеріп алуы керек. Қаражат тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емге жаратуға жеткілікті ме екенін біліп алған жөн. Жеткіліктілік шегінен асатын сома болған жағдайда, банкке зейнетақы төлеміне өтініш беру қажет.
31 наурызға дейін біржолғы зейнетақы төлемдері 2021 жылға есептелген мөлшерге сәйкес жүргізілетін болады. 1 сәуірден бастап олардың көлемі арта бастайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz