Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Президент өз тілегін Twitter парақшасында қалдырды.
-Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!,- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.