Қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалды

Авторы: Qyzyljar News

Қасіретті қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында «қаңтар қасіреті» бойынша тергеу барысы туралы депутаттардың сауалына берген ауызша жауабында жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және арнаулы органдарға қаңтар оқиғасы себептерін егжей-тегжейлі тергеп, тексеруді тапсырған болатын.

-Аталған фактілер бойынша барлығы 3770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі ішкі істер министрлігінің өндірісінде. Олар: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, бұзақылық, қару ұрлау, — деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 іс жүргізуде.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету, аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеп жатыр.

-Аталған істер бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның 3 орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Органның тағы 2 басшысы билікті асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық жауапқа тартылуда, — деді Берік Асылов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz