Солтүстік Қазақстан облысында 438,9 мың адам немесе тұрғындардың 77,7 пайызы медициналық көмек алуға құқылы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Лариса Гордеева бұл тізімге жарна төлеуден босататылған 15 жеңілдік санатындағы адамдар кіретінін хабарлады. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді. Өңірде бұл санатқа 279,7 мың адам кіреді. Аударымдар мен жарналарды үнемі төлеп отыратын өңірдің 157,2 мың тұрғыны сақтандырылғандардың тізіміне енді. Дегенмен, еңбек ететін 125 807 азаматтың сақтандыру құжаты жоқ. Былтыр 86 384 солтүстікқазақстандықтан төлем түспеген.