Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, қанжығаларына 22 медаль байлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Отандық былғары қолған шеберлері 7 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлдеге ие болды.
Ел қоржынын Егор Егоров (71 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Томирис Мырзақұл (52 кг), Виктория Байдукова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг) пен Камила Бажбенова (81 кг) алтын медальмен толтырды.
Командалық есепте қазақстандықтар екінші орынға тұрақтады. Ал 9 алтын медаль иеленген Өзбекстан спортшылары бірінші сатыға жайғасты.