Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қаулыға қол қойды. Құжат негізінде елімізден доллар мен алтын құймаларын әкетуге шектеу қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Яғни Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сонымен қатар 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынды.
Құжатта Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын делінген.
Жарлық заңды күшіне енді.