Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасы жанынан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Жобаның жалпы мақсаты кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті, өмірге қабілетті және тұрақты экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Әйелдер біздің оқыту бағдарламаларымызға да белсенді қатысады. Мысалы, «Бастау Бизнес» жобасы жұмыс істеген бес жыл ішінде біз сегіз мыңға жуық жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған солтүстікқазақстандықтарды оқыттық, олардың 42% — ы әйелдерге тиесілі. Қызмет басталғаннан бері 227,5 млн теңгеге 52 қарыз берілді, оның 46%-ын кәсіпкер әйелдер алды, – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.
Консультациялармен қатар Орталық қолдау шараларына, оқытуға деген қажеттілікті зерделейді, әйелдер бизнесін дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды анықтайды.