Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының Ата заңына қандай өзгерістер енгізілетіні айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Министрлікте жалпыұлттық жоспар бойынша Конституцияға мынадай өзгерістер енгізілетіні белгілі болды:
-Президент өкілеттігін, оның қызметіне байланысты шектеулерді белгілеу туралы;
-Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы,
-Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру, оның функциялары және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін жоғары аудиторлық палатаға айналдыру тәртібі;
-Мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі,
-Конституциялық сот құрып, оған азаматтардың, бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініш білдіру мүмкіндігін белгілеу,
-Конституцияда өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту.
Сонымен қатар, конституциялық заңдар бойынша өзгерістер енгізу жоспарланған:
-Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу;
-Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары;
-Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу;
-Жоғары аудиторлық Палатаның құрылуы;
-Мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен олардың функциялары;
-Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату;
-Прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша;
-Сайлау процесін жетілдіру;
-Алқабилер соты қатысатын істерді кеңейту;
-БАҚ туралы заңды қайта қарау.