Петропавлда мас тұрғынның үйінен шолақ мылтық табылды

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

“102” байланыс арнасына алкогольдік ішімдік ішіп, отбасы мүшелеріне маза бермей, жанжал шығарған 61 жастағы тұрғынның үстінен шағым түсті. Оқиғаның анық-қанығын анықтау барысында баспанадан тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл бапта ірі мөлшердегі айыппұлдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Суық қару сараптамаға жіберілді.

– 3 ақпаннан бастап облыс аумағында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қару иелерін тексеріп жатыр. Нәтижесінде, қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауда. Бұл іске учаскелік инспекторлар да тартылды. Шара барысында шолақ мылтық пен патрондарды заңсыз сақтау бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтағаны үшін 28 адам әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz