Петропавлда төрт айлық тастанды сәби облыстық ауруханаға жеткізілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда тастанды 4 айлық сәбиді полиция қызметкері облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасында пайда болған тастанды бала жайында бейнежазба тарады. Автордың айтуынша, біреулер сәбиді емдеу мекемесінің алдына тастап кеткен. Алайда, бұл ақпарат жартылай жалған болып шықты. СҚО көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі бейнежазбаға қатысты түсінік берді.

– 15 қараша күні сағат 16:30 шамасында полиция қызметкері 4 айлық қыз баланы жеткізіп, тиісті акт бойынша тапсырды. Қазіргі уақытта бала тексеріліп, бақылауға алынған. Аурухана әкімшілігі бүгін баланың алдағы заңды тағдырын анықтау үшін Петропавл қалалық білім бөлімі жанындағы қорғаншы және қамқоршы органға сұрау жіберді, — делінген хабарламада.

Аурухана қызметкерлері тұрғындардан қайырымдылық мақсатында ешқандай ақша да, зат та жинаудың қажет емес екенін айтты.

– Біздің бөлімшелерде ем алып жатқан сырқаттарымыз қажеттінің барлығымен толық қамтылған. Баланы да тиісті тамақ және күтіммен қамтыдық. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялағаны үшін және баланың бейнесін оның заңды өкілінің және кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлардың рұқсатынсыз көрсеткені үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Өйткені, бұл баланың заңды тағдыры әлі анықталған жоқ, — деп ескертті аурухана қызметкерлері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz