Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы Александр Герлиц пен Паралимпиада комитетінің жаттықтырушыларын Бейжіңдегі ойындарда жақсы нәтиже көрсеткені үшін марапаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бейжіңдегі XIII қысқы Паралимпиада ойындарындағы үздік спорттық жетістіктері үшін Президент Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицті, аға жаттықтырушы Антон Жданович және Паралимпиада комитетінің бас жаттықтырушысы Василий Коломиецті «Құрмет» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.