Солтүстік Қазақстан облысында Наурыздың 24-іне дейін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің өңір науқастар саны мен туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейі бойынша алдыңғы қатарда тұрды. Алайда, қазір ахуал біршама түзелді. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты және аурудың төмендеу динамикасы байқалады.
Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Қаныш Бижановтың айтуынша, соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2,5 есеге — 85,8% — дан 33,8% — ға дейін төмендеді. Өткен жылы ол 100 мың тұрғынға шаққанда 33,8% – ды құрады, ол 2020 жылмен салыстырғанда 15,7% — ға төмен. Туберкулезден болатын өлім – жітім 10 жыл ішінде 3,9 есеге, яғни 11,8-ден 3-ке дейін төмендеді. Алайда, бұл көрсеткіштер орташа республикалық деңгейден жоғары.