Киберқылмыскерлер солтүстікқазақстандықтың атына 2 миллион теңге несие рәсімдеген

Авторы: Qyzyljar News

Алаяқтар солтүстікқазақстандықтың атынан 2 миллион теңге несие алған. Сан соғып қалған Тайынша ауданының 38-жастағы тұрғыны үш ай бойы несие төлеп келіпті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпанда өзін банк қызметкерімін деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдейін деп жатқанын айтқан. Сөзіне сендіріп, ақыр аяғында дегеніне жеткен. Әйелдің жеке деректерін иемденіп, екі банктен 2 миллион теңге көлемінде онлайн несие алған. Біраз уақыт өткеннен кейін тұрғынаудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүгінген.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қызмет барысында арам пиғылын іске асырған ер адамды Алматы қаласында ұстады. Мамырдың 22-сі күні учаскелік полиция инспекторы жәбірленуші әйелге қуанышты хабарды жеткізген.

-Осы үш айдың ішінде мен күйзеліске түсіп, өзімді нашар сезіндім. Полицейлер мәселемді шешіп берді. Осындай қылмыстарды ашуда оларға табыс, барлық жақсылықты тілеймін. Еңбектері жемісті болсын. Рахмет сіздерге! – ауыл тұрғыны СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына жолдаған алғыс хатында осылай деп жазған.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz