Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне арналған материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға тыйым салуды көздейтін бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан аумағынан кез келген формадағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай – ақ оларды өндіруге арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтауыштарды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.