Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияға Pfizer екпесін қойғызуға болатын азаматтардың қатары кеңейтілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Америкалық препаратты:
- — бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
— түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
— шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
— COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алатын барлық топтағы адамдар салдырта алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін шетелдік вакцина тек жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, 60 жастан асқан азаматтарға қол жетімді болатын. Ақпан айының соңында Pfizer-мен 50 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялау болатыны туралы шешім қабылданған.