Қазақстанның Энергетика министрлігі Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығындағы мұржаның құлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов Петропавл 2-ЖЭО құрылысы осыдан 60 жыл бұрын қолға алынғанын атап өтті.
-Станцияның әбден тозығы жеткен. Жөндеу жұмыстары орталықтың жұмысын жақсартары сөзсіз. Алайда, нысанның ескіргенін ұмытпаған абзал. Мұржаның бұзылуы қазандардың істен шығуына әкеліп соқтырды. Әйтеуір, қазір ауа райы жылы болып тұр. Бүгінде жылу режімі қалпына келтірілді, — деді Жандос Нұрмағамбетов.