Сарапшы: «Петропавлдағы 2-ЖЭО-ның мұржасы желдің салдарынан құлап түсуі мүмкін емес»

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Тәуелсіз сарапшылар Петропавлдағы 2-ЖЭО мұржасының қатты желден құлағанына күмәнды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Хабар 24» — ке сілтеме жасай отырып.

Орын алған қайғылы жағдайға дейін Петропавл 2-ЖЭО түтін мұржасының құлап түсетіні мамандардың ойына кіріп те шыққан жоқ. Бұған негіз де болмады. Құжаттарға сәйкес, ол соңғы рет осыдан 4 жыл бұрын жөнделген. Сәйкесінше, келесі жылға кезекті жоспарлы жұмыстар белгіленді. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, мұндай есептерге сенуге болмайды.

— Бұл адамдардың энергетика саласына ешқандай қатысы жоқ. Олар жұмыс істеу үшін емес, пайда табуға келді, — деді энергетик Евгений Лебедько.

Мемлекеттік басқару саласы бойынша сарапшы Сабина Садиева да мұржаны жөндеу және жаңғырту туралы есептердің шындыққа сәйкестігіне күмән келтіреді.

Жылу электр орталығында орын алған апаттан кейін бірден арнайы комиссия құрылды. Оның мүшелерінің міндеті — төтенше жағдайдың себептерін анықтау. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бұл жеткіліксіз. Барлық салада түбегейлі өзгерістер қажет. Атап айтқанда, бұрын жойылған мемлекеттік бақылауды қалпына келтіру керек. Оның қызметкерлері кәсіпорындардың меншік иелерінің оларды жаңғырту жөніндегі жұмысын нақты бақылауға міндетті болады. Бұған дейін қатты желдің салдарынан мұржа құлап түсті деген болжам айтылған-ды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz