Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтің өңір тұрғындарына үндеуі

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері облыс кәсіпорындарында еңбек даулары жиілеп кетті. Көбінесе олардың соңы стихиялық ереуілдерге ұласуда. Рас, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы. Алайда бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, олай болмаған жағдайда ереуіл заңсыз деп танылады. Осыған байланысты, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі-Кодекс) реттелетінін еске саламыз.
Аталмыш Кодексте жұмыс берушінің үш жұмыс күні ішінде қызметкер қойған талаптарды қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті екені атап көрсетілген. Оларды шешу мүмкін болмаған жағдайда жұмыс беруші өз шешімдері мен ұсыныстарын (жазбаша түрде) қызметкерлерге жеткізуге тиіс (Кодекстің 163б. 2 т.).
Бұдан әрі дау тараптардың бірлескен шешімімен тепе-теңдік негізде құрылған орган- татуластыру комиссиясында (жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде) қаралады. Дауды шешу процесінде татуластыру комиссиялары қызметкерлермен, жұмыс берушімен және басқа да адамдармен консультациялар жүргізеді. Комиссияның шешімі тараптардың келісімі негізінде қабылданады, хаттамамен ресімделеді және тараптар үшін міндетті күші болады. Татуластыру комиссиясының мүшелері келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады. Бұл ретте тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес.
Татуластыру комиссиясы келісімге қол жеткізбеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал тараптар дауды шешу үшін әкімдік өкілдерін (мемлекеттік еңбек инспекторын) тарта отырып, еңбек төрелігін құрады (Кодекстің 165-бабының 6-бөлігі). Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның құрамы және еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады (бұл ретте еңбек төрелігі кемінде бес адам болуға тиіс). Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды. Еңбек төрелігінің шешімі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және орындау үшін міндетті болып табылады.
Төрелік реттемеген мәселелер бойынша соттарға жүгінуі қажет.
Бұл ретте жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша тиісті рәсімді сақтамай ереуіл өткізу тек сот қана заңсыз болуы мүмкін.
Бұл жағдайда сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлегені және шақырғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып қылмыстық жауаптылық көзделген( ҚК 157 және 402-баптары).
Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз ереуілдерге қатыспауға шақырамыз.
Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың алдын алатын, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz