Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин мен дизель отынын көтерме саудада өткізуге акциз ставкалары артса да жанар-жағар май бағасы төмендемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Бүгінгі геосаяси ахуалға сүйенсек, Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін. Десек те, олар қымбат. Себебі Қазақстан мен Ресейдің бағалары арасында өте үлкен алшақтық бар. Қазір ресейлік өнім біздікінен арзан болып, нарқымызды толтырып жатқаны байқалмайды. Жаңа акциз қолданылғандықтан, баға көтерілмейді. Бірақ оның арзандауы да екіталай. Қазір 92 маркалы бензин 182 теңге, АИ-95 230, ал дизель 215 теңге тұрады,- деді Болат Ақшолақов.
Сонымен қатар, министр Қазақстан әлем бойынша бензин бағасы төмен елдердің қатарында екенін айта кетті.