Наурыздың 26-сы күні сағат 21:30-да Петропавлдағы № 2-Жылу электр орталығында тағы бір апат орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Желілік судың температурасы 37-ден 43 градусқа дейінгі көрсеткішті көрсетіп тұр. «Севказэнерго»АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жылу электр орталығында тек екі қазандық пен екі турбина жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын жылу электр орталығында мұржалардың бірі жартылай опырылып түсіп, салдарынан әйел адам мерт болған-ды.